Хабар телеарнасы

«Хабар» мен CNN арасында ынтымақтастық орнату жайы талқыланды

«Хабар» мен CNN арасында ынтымақтастық орнату жайы талқыланды

«Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасы Берік Уәли АҚШ-тың CNN International Commercial компаниясының Стратегиялық серіктестік жөніндегі вице-президенті Контантинос Ойкономоу мен Контент сату және лицензиялау жөніндегі директоры Валид Чамакпен кездесті.

«Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасы Берік Уәли айтылған ұсыныстарды жұмыс тобы жан-жақты зерделеп қарап шығатынын айтты.

- «Хабар» Агенттігі жаhан жаңалықтарын жеткізу, ақпараттар легін арттыру мақсатында әлемнің 12 елінің жетекші медиакорпорацияларымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Сонымен қатар, Reuters, APTN сынды медиа-компаниялармен әріптестік қатынастамыз. Тиісінше, CNN-нің де ұсынысы бізге қызықты болып отыр,- деді Берік Уәли.

Кездесу соңында тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамыту бойынша жұмыстарды жалғастыруға уағдаласты. К.Ойкономоу «Хабар» Агенттігінің басшысы Берік Уәлиді CNN-нің Америкадағы қызметімен танысуға шақырды.

«CNN» телекомпаниясы Warner Bros. Discovery корпорациясы иелік ететін CNN Global-дың құрамына кіреді. Тәулік бойы хабар тарату тұжырымдамасын ұсынған әлемдегі алғашқы компания. Бүгінде CNN-нің жаңалықтары 190-нан астам мемлекетте таратылады.