Хабар телеарнасы

Коронавирус: Қытайда 2 247 адам қайтыс болды

18 мыңы емделіп, ауруханалардан шығарылды. Қазір індетке қарсы вакцина дайындалып жатыр. Алайда Қытайдың ғылым және технологиялар министрлігінің мәліметінше, вакцинаны сынау екі айдан кейін ғана мүмкін болмақ.

ЕО саммиті: жиынның алғашқы күні нәтижесіз аяқталды

Брюссельде Еуроодақ елдері басшыларының екі күндік саммиті басталды. Жиында талқыланатын басты тақырыптардың бірі – одақтың алдағы жеті жылға арналған бюджеттік жоспарын бекіту мәселесі. Бірақ саммиттің алғашқы күні нәтижесіз аяқталды.

Айта кетейік, келер жылдан бастап Еуропалық одақтың жылдық бюджеті 11 млрд еуроға қысқарады. Оған Ұлыбританияның одақтан шығуы себеп. Сондықтан бұдан әрі экономикасы қуатты елдердің жарнасы қаншалықты өсетінін, ал дотациядағы мемлекеттердікі қаншалықты қысқаратынын шешу қажет.