Хабар телеарнасы

Eurovision-2020 байқауының орнына онлайн концерт өтетін болды

eurovisionworld.com

Бұл туралы eurovision.tv сайты хабарлады.

«Eurovision: Еуропа нұры жарқырайды» деп аталатын интернет-шоу концерт 16 мамырда өтпек. Концертте дәстүрлі байқауға қатысуы керек барлық орындаушы жиналады. Ұйымдастырушылар сонымен қатар Eurovision байқауының соңғы жылдардағы қатысушыларын шақырып, көрерменге тосынсый жасауға уәде етті. Онлайн-концерт байқаудың YouTube арнасынан көрсетіледі.