ДДСҰ: Лимон немесе зімбір коронавирусты емдемейді
Мұндай мәлімдемені ДДСҰ төтенше жағдайлар жөніндегі басшысы Майкл Райан жасады. Оның айтуынша, адамдар оларды түрлі ауруға шалдыққан кезде денсаулығын жақсарту үшін пайдаланғанымен, COVID-19-ға қарсы емдік қасиеті әлі анықталмаған. Сондықтан мамандар «бұл өсімдіктер коронавирусты емдейді» деген қате түсініктен ада болу қажеттігін айтады.
Майкл Райан, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының төтенше жағдай жөніндегі атқарушы директоры:
- Біздің жақсы сезініп, көңілімізге сенімділік ұялататын және өзіміз қауіпсіз деп санайтын кез келген нәрсе денсаулығымызға оң әсер етеді. Бірақ оларды ауруға қарсы қолдануға болады деп айтуға келмейді. Қазір COVID-19-ға қарсы тиімділігі дәлелденген ешқандай ем-дом жоқ.