Дүниежүзінде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 2 млн-ға жақындап келеді
119 694 адам қайтыс болған, жазылып шыққандар саны — 446 278.
АҚШ — 587 155
Испания — 170 099
Италия — 159 516.
Дегенмен Еуропаның кейбір елдерінде карантиннің қатаң шектеулері алып тасталуда. Италияның Венето облысында мереке күндері бір шартпен рұқсат етіледі: тұрғын үйден 200 метрден артық емес жерге серуенге шығу.
Францияда керісінше оқшаулау режимі 11 мамырға дейін ұзартылды. 11 мамырдан бастап мектептер біртіндеп ашылады, бірақ университеттер сабақты жазға дейін бұрынғы қалыпта өткізбейді. Барлар мен мейрамханалар ұзақ уақыт бойы жабық болады, ірі іс-шаралар шілде айының ортасына дейін өткізілмейді.
Испанияда құрылыс және өндірістік сала кәсіпорындары жұмысын қайта жандандыра бастады. Бұл елде емделіп шыққандардың жалпы саны вирусты жұқтырғандардың жалпы санының 38%-на жетті.