ДДСА 2020 жылды Халықаралық медицина қызметкерлерінің жылы деп жариялады
«Медбикелер мен акушерлер медициналық қызмет көрсетуде маңызды рөл атқарады. Олар өз өмірлерін аналарға және балаларға көмектесуге, өмірлік маңызды екпелер мен медициналық кеңестер беруге, қарт адамдарға қамқорлық жасауға және халықтың күнделікті денсаулыққа деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға арнайды. 2030 жылға дейін денсаулық сақтау қызметтерімен жалпылай қамтуға қол жеткізу үшін мейірбикелік және акушерлік салада 9 млн қосымша жұмыс орнын құру қажет», – делінген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарламасында.