Бекхэм мен Роналдо медицина қызметкерлеріне қаржы жинауға кірісті
Олар қаржы жинау мақсатында қайырымдылық футбол матчын өткізбек.
Бұрынғы ойыншылар бұл мүмкіндікті Instagram желісіндегі тікелей эфирде талқылады. Атап айтқанда Бекхэм мен Роналду өз клубтары арасында (испаниялық «Вальядолид» пен америкалық «Интер Майами») қайырымдылық матчын өткізуді талқылады.
– Біз мұны ұйымдастыруымыз керек. Күн сайын басқалардың өмірін сақтап қалу үшін күресіп жүрген адамдарға мүмкіндігінше көп ақша жинауға тиіспіз, – дейді Бекхэм.
Дэвид Бекхэм 2018 жылы «Интер Майами» жаңа футбол клубын құрғанын жариялады. Ал Роналдо 2018 жылдың күзінде испаниялық «Реал Вальядолид» акцияларының 51% иемденіп, клуб президенті атанды.