Әлемде жұмыссыздық белең алуы мүмкін
Ақпарат көздерінің хабарлауынша, шамамен әлемдегі 1,5 млрд-тан астам адам нәпақасынан қағылады. Ал Халықаралық еңбек ұйымының мамандары әсіресе бейресми экономика саласында қызмет ететіндер табысынын жұрдай болуы мүмкін екенін айтады. Қазірдің өзінде миллиондаған компания банкротқа ұшырау алдында тұр. «Жұмыссыздықтың өсуіне тағы бір себеп бар», – дейді мамандар. Ол – жұмыс уақытының қысқаруы. Егер бастапқыда жұмыс уақыты 6,7% қысқарады деп болжанса, енді бұл көрсеткіш 10,5% дейін өсіп отыр.