Швеция зерттеушілері COVID-19-ға қатысты тың жаңалық ашты
Мұндай қорытындыны швед сарапшылары жасады, деп хабарлайды The Daily Mail. Ғалымдар 200-ден астам вирус жұқтырған адамның сынамаларын зерттеді, олардың арасында симптомсыз немесе жеңіл түрде ауырғандар бар. Зерттеу кезінде әртүрлі инфекцияға иммунитетті қалыптастыратын және патогендерді өлтіруші Т-лимфоциттер немесе Т-жасушаларының саны басты назарға алынды.
Т-лимфоциттер иммундық реакцияны жылдам қайта қалыптастыра алады, өйткені олар организмдегі зиянды заттар – антигендер туралы ақпаратты есте сақтайды.
Осы механизмнің арқасында жасушалық иммунитет пайда болады. Осылайша, Каролинск институты (Стокгольм) қызметкерлері дені сау (бұрын ауырған) қан донорларының 30% Т-жасушалық иммунитеті бар екендігін анықтады.
Бұл көрсеткіш коронавирусқа антиденелері бар адамдардың санынан екі есе көп. Мұндай көрсеткіштен кейін зерттеушілер ұжымдық иммунитеттің деңгейін бағалау кезінде лимфоциттік тестілерді ескеруге басымдық беру керек, дегенмен T-киллерлерді анықтайтын тестілер ауыр зертханалық процедура болып табылады деген қорытындыға келді.