Әлем коронавирустың жаңа толқынын бастан кешуде
Жаһан елдерінің 70% вирус жұқтырудың күн сайынғы өсімін тіркеуде. Бұл – сәуір айынан бергі ең жоғарғы көрсеткіш. Вирус жұқтыру дерегі Испанияда көп. Мұнда маусым айындағы көрсеткішпен салыстырғанда өсім 8 есеге дейін артқан. Коронавирус жұқтыру статистикасын ұсынған 88 мемлекеттің жартысына жуығы өсімнің 3% артқандығын айтады. Ал Еуропаның 9 елінде көрсеткіш мұнан да жоғары. Кәрі құрлық мемлекеттері сәуір мен мамыр айларында қатаң карантин тәртібін енгізіп, вирустың таралуын азайтқан еді. Кейін шектеу шаралары жеңілдетіліп, ауру қайта өрши түсті.
Роберт Кох институтының мәлімдеуінше, инфекцияның таралуына басты себеп отбасылық мерекелерді тойлау, демалыс орындары мен кеңселер болып отыр.