ТүркПА байқаушылары: референдум ашық әрі әділ өтті
Олар баспасөз отырысын өткізіп, өздерінің қорытындысын жариялады. Топ өкілдері референдум учаскесі ашылған сәттен дауыстарды санауға дейінгі үрдістердің басы-қасында болыпты. Айта кетейік, бұл делегация құрамында Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия депутаттары, сонымен қатар ТүркПА хатшылығының қызметкерлері бар.
Реджеп Шекер, ТүркПА байқаушылары делегациясының жетекшісі:
- Біздің делегация Нұр-Сұлтан қаласындағы көптеген дауыс беру учаскелерінде болды. Науқанда дауыс берушілер, сол учаскедегі қызметкерлер және жергілікті байқаушылармен кездесіп, еркін түрде байқау жүргіздік. Бәрі ашық, әділ өтті. Жалпы айтқанда референдум халықаралық стандартқа сай келді деген қорытындыға келдік.