Хабар телеарнасы

Ижевск қаласында мектепте болған атыстан 13 адам қаза тапқан

Мұны республика басшысы Александр Бречалов хабарлады. Соңғы мәлімет бойынша, қанды оқиғадан 13 адам қаза тапқан. Оның жетеуі — бала. Тағы 21 азамат жараланды. Куәгерлердің айтуынша, белгісіз ер адам мектепке қарумен кіріп, адамдарға оқ жаудырған. Кейін өз-өзіне қол жұмсаған. Қазір ер адамның есімі анықталып жатыр.