Давид Чарлин Еревандағы байқауға дайындық жұмыстарына кірісіп кетті
Армения астанасы Ереванда өтетін халықаралық байқауға еліміздің атынан жас талант Давид Чарлин өнер көрсетеді. Ол биыл «Бақытты бала» халықаралық конкурсында топ жарып, аталмыш байқауға жолдама алған. Eurovision бәйгесін елімізде «Хабар» арнасынан 11 желтоқсан күні сағат 21:00-ден бастап көре аласыздар. 10 желтоқсанда түнгі 1-ден бастап дауыс беру басталады. Әлемнің 16 елі додаға түсер өнер бәйгесінде ел намысын қорғайтын Давид Чарлин Ереванға жол тартқан болатын. Дайындық жұмыстарына кірісіп те кетті.
Жан Мұқанов, продюсер:
-Бұл жерде бүкіл елдің қолдауы қажет болып жатыр . Бесінші рет барып жатырмыз ғой, осы жобаға, әр жылы әділ қазылар бағасы жоғары болады. Сол балл жағынан, дауыс беру жағынан жетпей жатады. Сондықтан қазақ елі, сіздерден үлкен өтініш, көмектесіңіздер, дауыс беріңіздер, 10-11 желтоқсан күні 1 тәуліктің ішінде дауыс беру болады.