Қазақстандық құтқарушылар Түркияға жетті
Төтенше жағдайлар министрлігінің тәжірибелі құтқарушылары, кинологтар мен апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері, бас-аяғы 41 адамнан құралған жасақ Түркияның Газиантеп қаласына барып қонды. Олар арнайы техника және құрал-жабдықтармен қатар азық-түлікпен де қамтамасыз етілген. Еске салайық, кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға жедел көмек көрсетуді тапсырған болатын.