Түркияда іздестіру жұмысы жалғасып жатыр
Түркияның Қаһраманмараш қаласында қирандылар астынан табылған әйел - бұған дейін із-түзсіз жоғалып кеткен қазақстандық болуы мүмкін. Алматыдан арнайы барған туыстары марқұмды Жанар Жаксыбекова деп таныған. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігінің өкілдері хабарлады. Ал қазақстандық құтқарушылар Түркияда осы уақытқа дейін 7 адамды аман алып шығып, медицина қызметкерлеріне тапсырды. Бұдан бөлек, қирандылар астынан 53 адамның денесін шығарды. Оның төртеуі - бала. Естеріңізге сала кетейік, бауарлас елге көмек көрсету мақсатында Қазақстаннан Анадолы еліне 100-ден астам маман жіберілген.
Жанат Камерденов, Астана қаласы ТЖД жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы:
- Төртінші күн кезекпен 8 сағаттан жұмыс істеп жатырмыз. Сонда тәулігіне 16 сағат іздеу-құтқару шараларына қатыссақ, 8 сағат демалымыз. Бастапқыда Қарағандыдан келген әріптесіммен бір адамды аман алып шықтық. Алғашқы көмекті көрсеттік, кейін жергілікті дәрігерлерге тапсырдық.
Аслан Рифат, волонтёр:
- Антальядан Анкараға келіп, Анкарадан Газиантепке ұшақпен келгенде Қазақстанның экипажын көрдім, бортын көрдім. Көмектесейін деп келдім осында. Жігіттермен осылай төртінші ме, бесінші ма күн жұмыс істеп жүрміз. Бірінші күні келіп, үшеуін құтқардық.