Жаңа Зеландияда жер сілкінді
Зілзала күші Рихтер бағамымен 6,1 балл болған. Геология қызметінің мәліметінше, жерасты дүмпуі 50 шақырым тереңдікте Пара-парау-му қаласынан 50 шақырым қашықтықта болған. Қазір Жаңа Зеландияда "Габ-риэль" дауылынан кейін, қалпына келтіру ісі, қарқынды жүріп жатыр. Билік, табиғи апат салдарынан келген, ақшалай шығынды, есептеп болған жоқ. Дауыл соңы, тасқын мен лай көшкініне ұласқан еді. 4 адам көз жұмған. Мыңдаған тұрғын, үйін тастап, бас сауғалады. Төтенше жағдай министрлігі бұл ел тарихындағы ең жойқын дауылдардың бірі болды деп бағалады. Үкімет төтенше жағдай жариялады. Ел тарихында осындай шара үшінші рет қабылданып отыр.