Түркияда тағы жер сілкінісі болды
Кахраманмараш, Хатай және Адыяман провинциялардында 3 балдық жерасты дүмпулері сезілді. Бұған дейін аймақта 6,4 және 5,8 балдық екі дүмпу болған. Соңғы мәлімет бойынша, 6 адам қаза тапты. Құрбандар — Хатай провинциясының Антакия, Дефне, Самандағ қалаларының тұрғындары. Тағы 300-дей адам түрлі дәрежеде жарақат алған. 18-інің жағдайы ауыр. Ал Сирияда осы апаттан 470 адам жараланған. Жергілікті ақпарат құралдары Алеппо және Тартус қалаларында 4 адам опат болғанын хабарлады. Ақпанның 6-да Түркия мен Сирияда болған қуатты зілзаладан қаза тапқандар саны 47 мыңнан асты. Сонымен қатар Иранның оңтүстігінде 5,3 балдық жер сілкінісі сезілді. АҚШ-тың Геология қызметінің дерегінше, зілзала ошағы Бендер-Аббас қаласынан 111 шақырым қашықтықта анықталған. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.