Түркияда 6 ақпанда болған зілзалдан кейін жерасты дүмпулері 7 мың рет қайталанған
Мұны осы елдің Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі мәлімдеді. Зардап шеккен аудандарды қалпына келтіруге 80 миллиард доллар қажет болуы мүмкін. JPMorgan сарапшылары:«Тек тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды жөндеуге 32 миллиард доллар керек», — дейді. Соңғы мәлімет бойынша, Түркия мен Сирияда зілзала құрбандарының саны 47 мыңнан асты. Табиғат апатынан Бразилия халқы да зардап шегіп отыр. Оңтүстік Америка елінде су тасқыны мен лай көшкінінен 46 адам қаза тапты. 2 жарым мың тұрғын баспанасыз қалған. Із-түзсіз жоғалып кеткендер де бар. Аймақта құс тұмауы да өршіп тұр. Бразилияға көршілес Перуде инфекция салдарынан 1 мыңға жуық теңіз арыстаны қырылып қалған.