Түркияда дүйсенбіде болған зілзаладан кейін 32 адам құтқарылды
Зілзаладан 2 адам опат болып, 140 тұрғын жарақат алған. Кейбірінің жағдайы ауыр. Еске салсақ, қуаты 5,6 балдық жер сілкінісі Малатья провинциясында болды. Өңірде дүмпулер әлі қайталанып жатыр. 4,1 балдық жер сілкінісі тіркелген. Дүниежүзілік банктің есебінше, 6 ақпанның болған зілзаладан 34 миллиард доллар көлемінде шығын келген. Бұл Түркияның 2021 жылғы жалпы ішкі өнімінің 4% тең.