Түркиядағы жер сілкінісінің зардабын жоюға ат салысқан қазақстандық құтқарушылар марапатталды
Мемлекет басшысының Жарлығымен берілген екінші дәрежелі «Айбын» ордені мен «Құрмет» орденін, сондай-ақ «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін» және «Ерен еңбегі үшін» медальдарын Төтенше жағдайлар министрі табыстады. Анадолы елінде апат аймақтарында іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізген топ құрамында 100-ге жуық қазақстандық болды. Олардың арасында құтқарушылармен бірге медицина мамандары да ерен еңбек үлгісін көрсетті. Солардың бірі «Апаттар медицинасы» орталығының дәрігері Алмагүл Алдабекова қауіптің бел ортасында жүріп, талай жанға медициналық көмек көрсетті. «Ерлігі үшін» медалін иеленді.
Алмагүл Алдабекова, апаттар медицинасы орталығының дәрігері:
-Осындай апатты бірінші рет көрдік. Құдай сақтасын ондайдан. Енді бар шамамызбен көмекті жасадық. Медициналық көмек, психо-моральдық көмек жасадық. Сол Түркияның адамдары бізге риза боп, рақметтерін айтып, өзім жақсы жұмыс жасадық деп ойлаймын.