Түркияда жылына бір-ақ ай жұмыс істейтін мамандық иесі бар
Оның басты міндеті — қасиетті Рамазан айында көше аралап, дабыл қағып, халықты сәресіге шақыру.
Бір қарағанда жеңіл кәсіп сияқты көрінгенімен, бұл қызметті кез-келген адам атқара алмайды. Алдымен жергілікті әкімшіліктен рұқсат қағазын алу қажет. Құжат тек арнайы курстан өткендерге беріледі. Қазір Ыстамбұлдың 3 мыңнан аса дауылпазшы қызмет етеді. Түркияда ауызашардың уақытын хабарлау дәстүрі де бар. Бұл міндетті ғасырлар бойы зеңбірек ату арқылы әскерилер атқарып келген. Қазір оны Ыстамбұлда Османлының тарихи әрі діни орталығы Сұлтанахмет алаңында тамашалауға болады.
Ахмет Коч, Рамазан дауылпазшысы:
-Ес білгелі осы жұмыспен айналысамын. Атам мен әкем бізге дауылпазды соғуды үйретті. Таңғы 3 шамасында көше аралап, халықты сәресіге оятап, ықыласына бөленеміз. Осының өзі ерекше сезім сыйлайды.