Дональд Трамп журналист әйелді зорлау ісі бойынша айыпты деп танылды
АҚШ соты бұрынғы президент Дональд Трампты журналист Элизабет Джин Кэроллға жыныстық алымсақтық жасады деген айып кінәлі деп таныды. Енді америкалық миллиардер жәбірленушіге 5 миллион доллар өтемақы төлеуге міндетті. Экс-президенттің үстінен арыз 2019 жылы түскен болатын. Бірақ сот отырысы тек биыл сәуірде басталды. АҚШ-тың бұрынғы президенті өзіне тағылған айыптан бас тартып, сот процесіне қатыспаған. Трамп — Америка Құрама Штаттарының тарихында үстінен қылмыстық іс қозғалып, айып тағылған алғашқы экс-президент.