Қырғызстанның Ош облысында қайта сел жүрді
Баткенге баратын тас жолының бір бөлігін су шайып кеткен. Маусым айының соңында Ош облысының Ноқат ауданында алапат сел жүрген еді. Табиғи апаттан он адам опат болды. Оның төртеуі қазақстандық бала. Қазақстан жіберген гуманитарлық көмек елге жеткізілді. Жалпы салмағы 40 тонна болатын ұн, қант және тұрмысқа қажетті заттар тиелген.