Хабар телеарнасы

Қазақстан - Қырғызстан ынтымақтастық аясы кеңейді

Қырғызстан Жогорку Кенешінің Халықаралық істер, қорғаныс, қауіпсіздік және көші-қон комитеті «Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы одақтастық қатынастарды тереңдету және кеңейту туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады. Бұл құжат екі елдің саяси, әскери-техникалық, экономикалық, инвестициялық, транзиттік-көліктік, су-энергетикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын жан-жақты дамытуға қосымша серпін береді. Еске сала кетсек, келісімге Мемлекет басшылары сәуір айында Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың Астанаға ресми сапары барысында қол қойған болатын.