Жаңа оқу жылында телесабақтар көрсетіле беретін болады
Қазіргі таңда түсірілім жұмыстары жалғасып жатыр. Сабақтардың ұзақтығы әртүрлі болады. «Жаңа оқу жылында бұл сабақтарды көрсететін екі телеарнамен тиісті келіссөздер жасалды», – дейді Асхат Аймағамбетов. Бұған қоса министр оқулықтармен қамту мәселесін түсіндіріп өтті.
Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:
- Біз барлық баланы қағаз оқулықтармен қамтуымыз қажет. Қазір пандемияға байланысты оларды кезекпен таратуды жоспарлап отырмыз. Тағы биыл оқулықтардың электронды нұсқасы да болады. Олар тамыз айының соңына дейін барлығы дайын болуы тиіс. Бірақ, олардың форматы қандай болатындығы жайлы мәселе шешіліп жатыр. Бастысы ыңғайлы болу керек. Оқушы қағаз күйіндегі оқулықты ма, әлде оның электронды нұсқасын таңдай ма өзі шешеді.