Жаңа оқу жылында бірінші сынып оқушылары мектепке бара алады
Қазіргі уақытта ата-аналар egov.kz порталы арқылы мектепке құжат тапсыруда. Сонымен бірге ата-аналардың өтініші бойынша мектеп табалдырығын алғаш аттаған балаларға арнап кезекші кластар ашылады. Мұндай сыныптағы оқушылар саны 10-15-тен аспауы тиіс. Балаларын мектепке алып келген ата-ана ғимарат ішіне кіре алмайды. Бұл – санитарлық эпидемологиялық талаптардың бірі. Сондай-ақ балалардың дене қызуы жіті тексеріліп, әр сынып дезинфекциялық құралдармен қамтылуы тиіс. Ал орта және жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттері жоспар бойынша сабақты қашықтан оқиды. Жалпы қалалық Білім беру басқармасынан хабарлағандай елордада мектеп және колледж оқушыларының саны жыл санап артуда. Үш ауысымдық мектеп мәселесін шешу үшін биыл 7 мың оқушыға арналған 8 мектептің құрылысы басталады.