Биыл бакалавриат пен магистратураға қанша грант бөлінеді?
Бұл туралы Білім және ғылым министрі хабарлады. Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, осы жылы магистратураға түсу тәртібі сәл өзгерген. Бұған дейін студенттер оқу орны бекіткен қағида бойынша сынға түсетін. Енді электронды форматта тест тапсырады. Сөйтіп жинаған балына байланысты грантқа ие болады. Мектеп бітірген түлектер де жоғарғы оқу орнына түсу үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуді онлайн тапсырады. Министрдің айтуынша, бұл тақырып екі жылдан бері көтеріліп келген. Енді биыл іске асырылады. Тест тапсыру тәсілі өзгергенімен, жүйенің құрылымы қаз-қалпында сақталған. Сондай-ақ министр мұғалімдерге вакцина ектіру міндетті ме деген сауалға да жауап берді.
Асхат аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:
- Бүгінгі күні вакцина салғандардың 17% мұғалімдер. Педагогтар вакцинаны өз еркімен алады, ешкім мәжбүрлемейді. Бірақ министр ретінде, Қазақстанның азаматы ретінде әріптестерімді өз еркімен вакцинаны салдыруға, ғылымға сенуіне шақырамын.