24 қаңтардан бастап оқушылар қалай оқиды. ҚР БҒМ түсініктеме берді
24 қаңтардан бастап оқушылар мен студенттер үшін біраз өзгерістер болады, бірақ оқушыларды «қашықтан» оқуды толық алып тастау мәселесі көтеріліп отырған жоқ.
Сонымен қатар ол мектептен тыс ұйымдарда сабақтар жеке немесе 15 адамға дейінгі топтарда өтетін жағдайда офлайн форматта оқуға болатынын атап өтті. Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған түзету кабинеттерінде (орталықтарында) сегіз адамға дейінгі жеке және топтық сабақтар да штаттық режимде өтуі мүмкін.
Еліміздің колледждері мен жоғары оқу орындарында оқыту аралас форматта: практикалық, зертханалық, семинарлық сабақтар, өндірістік практика – штаттық режимде, дәрістер – онлайн-форматта өтеді.