Жас ғалымдарды қолдау үшін постдокторантураға мың грант бөлінді
Жас ғалымдарды қолдау үшін постдокторантураға мың грант бөлінді. Арнайы конкурстар басталды. Соның аясында 2 мыңнан астам жас ғалым 17 миллиард теңгенің грантын алды. Мұның бәрі – «Ғылым туралы» Заңға енгізілген өзгертулердің нәтижесі.
Мемлекет басшысының қабылдауында болған Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады.
Министрдің есебін тыңдаған Президент мектептегі білім беру сапасы мен мұғалімдердің мәртебесін арттыру жөніндегі мақсатты жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар Мемлекет басшысы жоғары оқу орындарына лицензия беру тәртібін жетілдіру және іргелі зерттеу жұмыстарын жүргізетін институттарды қолдау қажет деп санайды.