2025 жылға дейін студенттердің шәкіртақысы 2 есе өседі
Бұл туралы бүгінгі кеңейтілген отырыста Ғылым және жоғары білім министрі мәлім етті. Атқарылған жұмыстар қорытындыланып, Президент 7 жылға жүктеген, 7 тапсырмаға жаңа жоспар баяндалды. Келесі жылдан бастап студент өз атына білім несиесін 1, 2% рәсімдей алады. Оны 10 жылдың көлемінде қайтару міндеттеледі. Барлығына емес, дарынды екенін дәлелдей алғандарға берілмек. Ал студенттер, әлемдік кітапханалардан электронды нұсқада керегін тегін алып оқи алады. Шетелдік беделді университеттердің бес филиалын елімізде ашу жоспарланып отыр. Биылдан бастап жыр болған жатахана мәселесін шешу де оң жолға қойылмақ.
Қуаныш Ерғалиев, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі:
- Жоба бойынша стандартты гранттың бағасы миллионға жуықтаса, ал дарын грантының бағасы 2 млн немесе 2,5 млн болуы мүмкін деп есептеп жатырмыз. Қамқор гранты 1 млн-ның 50% немесе 30% беріледі. Қалған ақшасын балалар өздері төлейтін болады.