Мектеп түлектері аттестатпен қатар колледж дипломын қоса алып шығады
Оның айтуынша, пилоттық жоба жастардың еңбекке шығуына мүмкіндік береді. Биылдан бастап мектепті басқару кеңесі де кеңейіп отыр. Тізімге Қазақстанның еңбек ері және еңбек сіңірген ұстаз атағы бар мұғалімдер қосылды. Жиында кейбір ауыл аймақтардағы жеткіліксіз интернеттің жайы да көтеріліп, Премьер-министрдің орынбасары жауаптыларға бұл мәселені үш жылда шешуді тапсырды. Айта кетейік осы жылдары «жайлы мектеп» жобасы іске асатын болады. Оның аясында 401 мектеп салу күтіліп отыр.
Шолпан Каринова, ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі:
- Ұлттық жобаны іске асыру нәтижесінде үш жылда 842 мыңнан астам жаңа, сапалы, жайлы оқушы орны ашылып, білім теңсіздігі қыстартуға үлкен қадамдар жасалады. Мектептің сәулет-жоспарлауы жайлы, жағымды, әр оқушыға және мұғалімге лайықталып әзірленеді. Құрылыс кезінде ашықтық қамтамасыз етіледі.