«Жайлы мектеп» жобасының құрылысы тоқтап тұр
«Самұрық-Қазына» қоры 31 наурызға дейін жобалық-сметалық құжаттаманы аяқтау керек болған. Президенттің тапсырма бергеніне жеті ай өтті. Ал келесі жылы 226 мектеп қолданысқа берілуі қажет. 401 жайлы мектептің жағдайы алаңдатарлық. Бұл жобаны іске асыруға алдағы үш жылға 2 триллион 600 миллион теңге тарту көзделген. Оның 1 триллион теңгеден астамы Ұлттық қордан бөлінеді. Депутаттардың айтуынша, әр мектептің құны қымбат және конкурстың шарты ірі компаниялардың мүддесіне шешілген. Ал жобаға жауаптылар отандық өндірісті аралап, мүмкіндіктерді нақтыладық дейді.