Қазақстан әлемдегі ең ірі стартаптар орталығымен тәжірибе алмасады
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің делегациясы орталықтың Париждегі кампусына барып, шетелдік мамандармен келіссөз жүргізді. Француз әріптестеріне Астана Hub технопаркінің жұмысын таныстырды. Тараптар тәжірибе алмасып, бизнес мектептер арасында ынтымақтастық орнатуға келісті.
Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:
- Сервистерімізді көрсеттік. Мынау енді алып компанияларды алатын болсақ, Idemia дейтін компания бар. Ол биометриялық жүйелерді және электрондық құжаттарды қалай қолдану керек екенін көрсетті. Біздің дамығанымызды көріп, олар таң қалып жатыр. Біз олармен бірігіп, біздің өнімдерді қалай олардың жүйелері арқылы таныстырып, басқа елдерге шығару жағын талқыладық.