Хабар телеарнасы

Қызылордалық оқушы жаңа өлшем бірліктер кестесін ойлап тапты

№ 5 мектеп-лицейдің 6-сыныбында оқитын Роза Садық математика пәнінің тапсырмасын орындау барысында өлшем бірліктерді есептеуге ұзақ уақыт жұмсауға мәжбүр болған. Кестені ойлап табудағы басты идея – түйіні қиын есеп-қисаптың оңай жолын табу барысында туындаған. Оның ғылыми еңбегі республикалық байқауда бас жүлдені жеңіп алды. Ал жаңа формула білім беру ұйымдарында сабақ процесіне енгізілді. Жас автор мен жетекшісі Ұлттық зияткерлік меншік институтынан авторлық құқық куәлігін алған. Тың жаңалыққа «Роза – өлшем бірліктер кестесі» деген ресми атау берілді. 

Роза Садық, «Роза - өлшем бірліктер кестесінің» авторы: 
- Бұның бірінші ерекшелігі - ұзындық, қашықтық, аудан, көлем, масса өлшем бірліктерімен есептегенде жеңіл. Екінші ерекшелігі - үлкен өлшем бірліктерді кіші өлшем бірліктермен өрнектеу, ал үшінші ерекшелігі - өлшем бірліктерді бағандап, қосып, азайту. Төртінші ерекшелігі - өлшем бірліктерді ондық бөлшек түрінде өрнектеу, ал бесінші ерекшелігі - үлкен өлшем бірліктерді, кіші өлшем бірліктермен өрнектеу. Алтыншы ерекшелігі - үлкен өлшем бірліктерді, кіші өлшем бірліктермен өрнектегенде теріс дәрежелі сандармен өрнектеу.

Ғабиден Төлебайұлы, математика пәнінің мұғалімі:
- 250 млн, 345 млн мм километрге айналдыру үшін отыру керек. Ол бір сағатта 10 минут, 20 минут, машығы бар адамдарға 5 минут уақытын алады. Ол деген көп уақыт қой. Кестенің бір жақсы жері бастауышта да жақсы жұмыс істеуге болады бұнымен. Негізгі сыныптарда да жақсы жұмыс істеуге болады. Және жоғары сыныптардың лабораториялық жұмыстарында, мысалы, физика, химия сияқты лабораториялық жұмыстарында өлшем бірліктерді түрлендірудің калькуляторы ретінде пайдалануға болады.