Елордада Astana Creative days шарасы өтті
Елордада шығармашылық индустрияны дамыту мақсатында Astana Creative days шарасы өтті. Жиынға Қарағанды, Шымкент, Маңғыстау, Алматыдан арнайы сарапшылар келген. Олардың айтуынша, креавтивті индустрияның 14 бағытын дамыту басты назарда. Кино, музыка, архитектура, компьютерлік ойындар мен графика бойынша ұлттық өнімді дұрыс сату мен дамытудың озық тәсілдерін талқылады. Креативті индустрияның экономикаға қосатын үлесін 3,6% жеткізу мақсаты тұр. Алайда біздің IT саласындағы мамандарды шетелдік компаниялар доллармен жалақы төлейміз, онлайн жұмыс істейсің деп өздеріне арбап алады екен. Мамандар егер бұлай кете берсе, креативтен жұрдай боламыз деп алаңдаулы.
Джаханшир Күмісбеков, веб-дизайнер:
- Жасанды интеллект әлемді жаулап алады деуге келмейді. Адамдар секілді ойлау, сезу, ренжу қабілеті жоқ. Ал жасап шығарған өнертапқыш оны басқара алады. Қауіп қашанда жасанды интеллекттен емес, адамнан. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі мамандар бұл саланы жақсы дамытуда.
Ақерке Жұманбаева, Астана қаласының мәдениет және өнерді дамыту бөлімінің басшысы:
- Үлкен Гонконг, Сеул, Москва деген мегаполистарда креативті индустрия мәдениет саласы өте жақсы дамыған. Сол тәжірибені ала отырып, Астана қаласында да сол жұмысты жүзеге асырып жатырмыз.