Қазақстанда шетелдік ЖОО-ның 6 филиалы ашылады
Мұны CEENQA Бас Ассамблеясының халықаралық форумында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек хабарлады. Ведомство басшысының айтуынша, бұл жоғары білім сапасын арттырумен бірге алдыңғы қатарлы халықаралық стандарттарды ескере отырып, қолданыстағы оқыту жүйесін өзгертеді.
Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:
- Осылайша елімізде шетелдік университеттердің 10 филиалы жұмыс істейтін болады. Рейтинг бойынша ең танымалы Хериот Ватт университеті, ол Ақтөбеде орналасады. Өскеменде Тяньцзинь университетінің филалы ашылады. Ал Таразда Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетімен серіктестік негізінде жаңа бағдарлама құрамыз. Алматыда Ташкент ирригациялық инженерлер университетінің, ал Ақтауда неміс инженерлік институының филалы ашылады.
Бұл университеттерге студенттер грантқа да, ақылы негізде де түсе алады. Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы 2025 жылға дейін бес шетелдік жоғары оқу орнының филиалын ашуды тапсырған. Осы күнге дейін елімізде шетелдік 4 университеттің филиалы ашылды.