Таразидың 90 жылдық мерейтойына орай конференция өтті
Тасжарған», «Қорқау жұлдыз», «Шер», «Жолы болғыш жігіт» шығармаларының авторы және «Тұлпардың ізі», «Арман – атаман», «Қараш-Қараш оқиғасы», «Мұстафа Шоқай», «Қызжылаған» фильмдерінің сценарисі Әкім Тарази 90 жасқа келді. Мерейтойға орай Астанадағы ұлттық академиялық кітапханада халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Әкім Үртайұлына арналған айтулы шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, әдебиеттанушылар, кино және театртанушылар мен студенттер жиналды. Әдемі кеште көрнекті жазушының шығармашылығы сөз болды. Естеліктер мен сүбелі ойлар айтылды. Конференция аясында шеберлік дәрістері, фотокөрме және өзге де іс-шаралар ұйымдастырылды.