Қаржылық сауаттылық негіздері мектеп бағдарламасына енгізілуі тиіс
Қаржылық сауаттылық негіздері мектеп бағдарламасына енгізілуі тиіс. Осындай бастама көтерген «Қарызсыз қоғам» жобасының жетекшілері жарты жылда 8 мыңнан астам тұрғынға дәріс берген. Және олардың 70% несиесі бар екенін анықтаған. Әсірсе жастар арасында оңды-солды қарыз алып, қайтара алмай жүргендер көп. Ақтөбе облысында 2600 астам азамат құзырлы органдарға борышты өтеуге дәрменсізбін деп өтініш берген. Қазіргі таңда тек 190 адам банкрот деп танылды. Ауыл халқымен жүздескен сарапшылар отбасы бюджетін жоспарлау және несие алу ретіне қатысты мәліметтермен бөлісті.
Гүлнәр Сейтжаппарова, «Қарызсыз қоғам» жобасының Ақтөбе облысы бойынша жетекшісі:
- 18 толған студенттердің арасында да қарызы бар адамдар шығып жатыр. Несиесі бар, алаяқтарға түсіп қалған адамдар бар. Сондықтан олар өздері басыннан бастап, мысалы 14 жасынан бастап қаржылық сауаттылыққа үйренетін болса, мен ойлаймын болашақта біз қарызы жоқ қоғамға айналып келеміз.