Ауыл мектептерінің білім сапасы артады
Ауыл және қала мектебінің білім сапасы теңесуі керек. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова айтты. Елордада өткен жиынға Ұлыбритания, Финляндия, Нидерландының профессорлары мен отандық сарапшылар өңірлерден келген 330-ден аса педагог қатысты. Сарапшылардың айтуынша, білім деңгейін көтеруді оқушыдан емес, мұғалімдерден бастау керек. Сондықтан 900-ге жуық ауыл мұғалімі жаңа әдістемелерді үйреніп, тағылымдамадан өткен. Одан бөлек, жаңа жоба бойынша ауылдағы 80 мектеп заманауи стандартқа сай жарақтандырылды. Алдағы уақытта олардың санын 200-ге жеткізу жоспарланған.
Колин Маклафлин, Кембридж университетінің профессоры:
-Жалпы Қазақстандағы ауыл мектебін зерттедім. Қала яки ауыл мектебінің түлегі деген ұғым болмауы керек. Білім мен сапа теңесіп, өңірлердегі мұғалімге жағдай жасалуы қажет. Жиі тағылымдардан өту артық етпейді.
Жеңісгүл Аққалиева, тарих пәнінің мұғалімі:
-Бірінші Атырау облысының зияткерлік мектебінде курс, семинарлар ұйымдастырылды. Пікірталас әдістемелік көмек көрсетілуде. Әлі де әріптестермен тығыз байланыстамыз. Әлі де оқудамыз. Үйренудеміз.