Астанада «Қазақстандық қамту 2.0» халықаралық форумы өтеді
16 қарашада «EXPO» Конгресс орталығында «Қазақстандық қамту 2.0» деген атаумен бірінші халықаралық форум өтеді. Оған тау-кен өнеркәсібі, отандық тауар өндірушілер, орталық мемлекеттік органдар, халықаралық сарапшылар мен инвесторлар қатысады деп күтілуде. Мемлекет басшысының жолдауында айтылған отандық өндірушілермен офтейк-келісімшарттар үлесін 10%, ал қазақстандық қамту деңгейін 3 жылда 60% дейін арттыру тапсырмасы негізге алынады.
Айта кету керек, тау-кен саласына қажетті өнімдердің басым бөлігі жақын және алыс шетелден импортталады. Ол қажеттілік отандық өндірушілер есебінен өтелетін болса, саланың дамуына, өнім өндіретін шаығын және орта бизнестің дамуына және ең бастысы – өнімнің өзіндік құнына оң әсер етеді.
Мұрат Амрин, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары:
- Қазіргі таңда жер қойнауын пайдаланушылар импорттап отырған негізгі өнім түрлерін локализациялап, еліміздегі өңдеу өнеркәсібінің орта және шағын кәсіпорындардан алуға болады. Халықаралық КPMG кеңесшілерінің есептеулерінше тау-кен саласының импортын отандық өндірушілер есебінен 1,2 трлн теңгеге алмастыратын болсақ, жылдық салық түсімдерін 86 млрд теңгеге арттыруға мүмкіндік туады.