Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты жыл соңына дейін құрылады
Каспий теңізін зерттеу жұмыстарымен айналысатын ғылыми-зерттеу институты осы жылдың соңына дейін құрылады. Ол бойынша қаулы жобасы дайын, қазір тиісті органдармен келісіліп жатыр. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов айтты.
Соңғы 10 жылда Каспий тұрақты түрде тартылып жатыр. Теңіздің солтүстік бөлігінде судың деңгейі 1,5 метрге дейін төмендеген. Жаңа мекеме осы мәселенің туындауын анықтаумен айналысады және шекаралас мемлекеттермен нақты шешімдер қабылдауға атсалысады. Министр сондай-ақ алдағы 2-3 жылда елімізде 8 су қоймасын салу жоспарына тоқталды. Олар Жамбыл, Алматы, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарында тұрғызылады. Нұржан Нұржігітов Абай облысындағы Қарақол су қоймасының құрылысын аяғына жеткізуге қатысты да пікір білдірді. Аталмыш нысан 80% дайын. Ол қолданысқа берілсе, аймақта қосымша мыңдаған гектар егін егуге мүмкіндік туады.
Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі:
- Көп жылдан бері салынып жатқан біз анықтадық, 14 жоба бар. Қаржы мәселесіне байланысты сосын мердігерлер. Әр обекті бойынша біз арнайы іс-шаралар жоспарын бекіттік. 24-25 жылдары сол мәселені толық шешуге біз жұмыс істейміз.