Хабар телеарнасы

1-сыныпқа құжат қабылдау басталды

1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі 31 тамызға дейін созылды. Ал құжат қабылдау бүгіннен басталды. Сондай-ақ лицейлер мен гимназияларға баратын балалар алдын ала тест тапсырмайды. Баланы мектепке тіркеу үшін ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші, денсаулық жағдайы туралы анықтама мен оның денсаулық паспорты және 2 дана суреті керек. Өтінішті сол білім мекемесіне барып немесе үйден шықпай-ақ, электронды үкіметтің еgov.kz веб-порталы арқылы тапсыруға болады. Болжам бойынша, биыл шамамен 370 мың бала мектеп табалдырығын аттайды.