Елордада «Пациент басты назарда» халықаралық форумы өтті
Еліміздегі медициналық ұйымдардың қызмет көрсету сапасына 26 мың емделушінің көңілі толмаған. Бұл өткен жылғы көрсеткіш. Ал жыл басынан бері 18 мың адам шағым түсірген.
Елордада тап осы өткір сұрақтар талқыланып, халықтың сенімін арттыру мәселесі көтерілді. «Пациент басты назарда» тақырыбындағы халықаралық форумға АҚШ, Грекия, Ресей сынды бірнеше елдің сарапшылары мен еліміздегі медициналық ұйымдардың басшылары қатысты. Күн тәртібінде медициналық ұйымдардың сапасын арттырып, оларды аккредиттеу жайы айтылды. Мыңнан аса стандартқа бағалау жүргізетін отандық аккредиттеу орталығы енді халықаралық деңгейде қызмет көрсететін болды.
Айнұр Айыпханова, аккредиттеу бойынша халықаралық сарапшы:
- Орта Азияда Акредиттеу комиссиясы құрылады. Яғни Қазақстанның тәжірибесін көрші елдерге алмастыру үшін бес мемлекет бірігіп, бір комиссия құрады және бір-бірімізге тәжірибе алмасып, ақылымызды айтып, медицинаның сапасын бірге көтереміз. Сондай шешім қабылданайын деп жатыр.