Тәуелсіздік күні қарсаңында елордада жас жыршылар жиналды
Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында елордаға еліміздің түкпір-түкпірінен жас жыршылар жиналды. Байқау сыр өңірінің ақын, жыршы-жыраулары Айбек Жақсанұлы мен Айдос Сәндібекұлының шығармаларын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Бұған қоса баба мұрасын дәріптеп, жас орындаушылардың арасынан жаңа есімдерді анықтау көзделген. Республикалық жыршылар байқауына Қазақстанның барлық жыршылық мектептерінен үміткерлер қатысты. Үздік деп танылғандарға жүлделі сыйлықтар табысталды.
Эльвира Есназар, Маңғыстау облысының жыршысы:
-Мен осы жыр бәйгесіне бір ай уақыт дайындалдым. Айдос ағаның шығармаларын алатын болсақ, ол кісі суырып салма ақын. Көбіне арнау, жыр, мысал өлеңдері бар. Біздерге жетіп жатқан шығармалары кеңінен насихатталып жатыр. Маңғыстау мен Сыр өңірі, Жамбыл, Тараз жақтан келіп жатыр ғой, қатысушылар. Ерекшелік - әртүрлі мақам, саздар орындалады. Сала- сала дастандар болғаннан кейін әртүрлі мақамға түрлендіріп, отыруың керек.