Хабар телеарнасы

Елордада экомәдениетті қалыптастыруға арналған дөңгелек үстел өтті

Жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру үшін төрттағаны тең жоспар қажет. Әйтпесе құр ұраннан нәтиже аз.

Елордада осы тақырыпқа қатысты өткен дөңгелек үстелде сала сарапшылары осылай деді. Экологиялық тәрбиені күшейтудің бір жолы – баланың құлағына кішкентайынан құю. Әлемді алаңдатқан мәселеге келгенде кемшін тұстарымыз көп көрінеді. 

Айгүл Әбдуалиева «Қазақстанның экологиялық қоры» ҚҚ президенті:

 - Қоқысты бөлек жинауды балалар балабақшадан білуі керек. Егер бақшадан білсе, Қазақстанда қоқыс аз болады деп ойлаймын. Біз зерттеу жасадық. Сол кезде 50%  балалар сауалнама жүргізгенде біле қоймайды.

Наурызбек Бірмағамбетов, «Neco» экологиялық клубы» ҚҚ төрағасы:

- Қазір мектептерде экология пәні жоқ. Қоршаған ортаны қорғау мәселесі – күн тәртібіндегі кезек күттірмес мәселе. Біздің жастар бұл тақырыптан хабардар болу үшін бұл тақырыпты білетін мамандар қажет. Жасыратыны жоқ, тісқаққан мұғалімдер өте аз.