Хабар телеарнасы

Өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің экспорт көлемі артады

Биыл Қазақстан өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің экспортын 29 жарым млрд АҚШ долларына дейін арттыруды көздеп отыр. Бұл туралы Сауда және интеграция вице-министрі мәлімдеді. 

Айтуынша, экспортты ілгерілету үшін қажетті инфрақұрылым жасақталып, 5 шекаралық хаб құру жұмыстары жүріп жатыр. Ол инвесторларды тартуға және көрші елдермен шикізаттық емес экспортты 30 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Қазақстан арқылы транзиттік жүк ағынын 2 есе ұлғайтады. 

Айта кеткен жөн, отандық 2 компания Ресейге тауар экспорттағаны үшін АҚШ пен Батыс елдерінің санкциясына іліккен. 

Қайрат Төребаев, ҚР Сауда және интеграция вице-министрі:

- 120-дан астам шет мемлекетке 4 мыңға жуық тауар позициясы экспортталды. Негізгі сауда серіктестері – Ресей, Қытай, Түркия, АҚШ және Германия. 2024 жылы біз келесі жұмыстарды жүргіздік. Дубай, Чэнду, Кабул, Нанкин, Үрімші, Душанбе, Милан, Ташкент, Уфа және Бішкек қалаларына 10 сауда-экономикалық миссия ұйымдастырылды.