Көпшілік үшін тиімді сауда жасау мерекесі Kaspi Жұма 20, 21 және 22 маусым күндері өтеді. Бұл мерекені тұтынушылар ғана емес, отандық шағын және орта бизнес өкілдері де асыға күтеді. Kaspi Жұма қазақстандық кәсіпкерлердің дамуына қалай көмектесіп жатыр?
Әр Kaspi Жұма сайын қазақстандықтар 1 миллионнан астам зат сатып алады. Ал шағын және орта бизнес сатылымдарын бірнеше есе арттырады. Kaspi Жұмаға жүздеген мың қазақстандық кәсіпкер тұрақты түрде қатысады және бұл көрсеткіш үнемі өсіп келеді. Дизайнер Айдана Омарова – АҚШ, Франция, Италия және басқа да елдердегі сән көрсетілімдерінің тұрақты қатысушысы. Айдана ұлттық стильдегі киімдердің барлығын Қазақстанда жасайды. Ал Kaspi-мен бизнесін бастағалы бері серіктес.
Айдана Омарова, Aydana Omarova Couture және Omabelle брендтерінің негізін қалаушы:
- Университетімді бітіріп, Қазақстанға оралған соң, мен өз брендімді қалаймын деген ниет пайда болды. Өзім үйде отырып, коллекцияларымды тігіп, дүкенімізге қоя бастадым. Сол кезден бастап біздің тарихымыз басталды. Kaspi Жұма, Kaspi енді шығып жатқан кезде, сол кезде біз жұмыс істедік және де бірге өстік деп айта аламын. Себебі Kaspi-ден біздің өте көп сатып алушылар келеді. Ары қарай дамып жатырмыз, Kaspi Жұма-мен, Kaspi-мен бірге серіктес болып, өте қуаныштымын, өте алғысым шексіз. Себебі үлкен жұмысты атқарып жатыр.
Эксклюзивті ұлттық киімге енді елдің кез келген аумағында отырып, тапсырыс беруге болады. Ал ең тиімді сауда Kaspi Жұма кезінде.
- Біз Kaspi Жұма-ға қазір өте жақсы дайындалып жатырмыз. Себебі Kaspi Жұма да біздің тұтынушыларымызға өте тиімді.
Біздің коллекцияларды тиімді бағада сатып ала алады. Барлық коллекцияға 70% дейін жеңілдіктер болады. Біз барлық сатып алушыларға керемет сыйлықтар дайындаймыз.
Kaspi серіктестері тек өндірушілер мен дүкендер ғана емес. Сондай-ақ жеткізу қызметін атқаратын курьерлік компаниялар да бар. Олар сатып алған затты жеткізеді. Бұл жұмыстарға 5000-нан астам қызметкері бар ондаған логистикалық компания жұмылдырылған. Олардың ішіндегі ең ірілерінің бірі – Заммлер компаниясы.
Қазыбек Сатыбай, Zammler компаниясының қызметкері:
- Қазіргі таңда Zammler компаниясы Қазақстан бойынша 8 ірі қалаларда жұмыс атқарып жатыр. Ең басынан алып келетін болсақ, кішігірім қоймадан бастаған болатынбыз. Ол кезде 10-15 адам ғана сұрыптаушы болып жұмыс істейтін болатын. Қазіргі таңда 2000-2500 адам жұмыс істейді. Қазір барлық жүйе автоматтандырылған. Жыл өткен сайын компаниямыз өте қарқынды дамып, ұлғайып келе жатыр. Қазіргі таңда бүкіл Қазақстан бойынша көптеген қоймаларымыз бар. Біз тек қана Kaspi.kz-пен ғана жұмыс істейміз. Осы тауарлардың саны ұлғаюы ол Kaspi-дің арқасында. Kaspi Жұма үлкен мереке, барша қазақстандықтарға. Әрине, біз үшін Kaspi Жұма өте маңызды. Себебі Kaspi Жұма уақытында біздің тауар санымыз күрт өседі. Біздің ең басты мақсатымыз Kaspi Жұма кезінде клиенттерімізге тауарларын оңтайлы және жылдам жеткізуді қалаймыз.
Сатып алушыларды қуанту үшін Kaspi мен серіктестері үнемі жаңалық ойлап табуда. Бұл жолы да кәдімгі тиімді шарттардан бөлек, сатып алушыларды 70% дейін жеңілдіктер мен серіктес-дүкендерден көтеріңкі бонустар күтуде. Экономикасы дамыған көптеген елде дәл осындай ауқымды сауда мерекелері бар. Тұтынушылар тиімді зат сатып алғанына қуанады. Ал кәсіпкерлер үшін бұл даму мүмкіндігі, жаңа жұмыс орындарын ашып, ел экономикасына өз үлесін қосады.
Дана Әлиева, Құдайберген Аймырза