Д.Назарбаева: Жеңіл өнеркәсіптегі импорт экспорттан 17 есе көп
Тіпті бұл сектордың ел экономикасына пайдасы да шамалы. Себебі соңғы 10 жылда 1,5 есе ғана өскен. Саланың қордаланған мәселелері парламенттік тыңдауда айтылды. Сенат төрағасы Дариға Назарбаева жеңіл өнеркәсіптің дамуына кедергі келтіретін бірқатар мәселені атады. Олар: өндірістің қымбаттығы, қажет жабдықтың жоғы, шикізат тапшылығы, мемлекеттік қолдаудың әлсіздігі және көлеңкелі импорт. Сондай-ақ жеңіл өнеркәсіптегі импорт экспорттан 17 есе көп екен.
Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Қазақстанда қазіргі уақытта 1071 саладан 40 ірі және орта жеңіл өнеркәсіп саласы ғана жұмыс істеп тұр. Яғни жеңіл өнеркәсіптің типтік кәсіпорны тігін немесе аяқ киім фабрикасы емес, ателье және артель. Кейбір салада 1 ғана ірі немесе орта кәсіпорын бар. Бұл ретте барлық кәсіпорынның орташа қуаттылығы 26% сәл асады.