Бағаның өсуіне жол берілмейді
Қазірдің өзінде мал мен көкөністі сыртқа шығаруға тыйым салынған. Есесіне шикізаттық емес тауардың экспорты ұлғайтылады. Бұл істе біздің тарап Оңтүстік-Шығыс Азия мен Шығыс Еуропаның тәжірибесіне сүйенеді. Үкімет отырысында ҚР Сауда және интеграция министрі осылай деді. Бұдан бөлек, Бақыт Сұлтанов «азық-түлік инфляциясын тежеу және әлеуметтік маңызға ие тауарлардың бағасын реттеу үшін, жергілікті атқарушы органдармен бірлескен шаралар қабылдап жатырмыз», – деді. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен, ҚР Ұлттық экономика және Ауыл шаруашылығы министрліктерімен бірге баға мәселесі қайта қаралды. «Яғни бағаның өсуіне жол берілмейді», – деді министр. Сауда комитетінің қызметін күшейту үшін шұғыл түрде заңнамалық бастамалар дайындалмақ.