Мемлекеттік қызметті цифрландыру ел дамуына қалай әсер етеді?
Сессия жұмысына Halyk Bank қаржы институты арнайы шақырылды. Бірнеше мемлекеттен келген сала мамандары цифрлы жүйедегі ортақ жайттарға қатысты ойларын айтып, пікір алмасты.
Цифрландыру дамуға бастайды. Саммиттің осы тақырыпқа арналған сессиясында әр ел сандық жүйеге қатысты жетістіктерін ортаға салды. Орталық Азияда жасанды интеллект пен инклюзивті цифрландыруды қолданып жатқан елдер баршылық. Мәселен, еліміздегі ірі қаржы институты Halyk Bank мемлекеттер арасында цифрлық интеграцияның дамуын қалайды.
Үміт Шаяхметова, Halyk Bank басқарма төрайымы:
- Әрине, бұл саммиттің маңызы зор. Себебі басқосу Орталық Азия елдерінің тұрақты дамуына арналды. Ал Halyk Bank еліміз бойынша осы бағытта жұмыс істеп жатыр. Алты мемлекетте еншілес банк қызмет көрсетеді. Біз жүйені жақсарту үшін цифрлық ресурстарға қол жеткізуді реттеуді үйлестіру жөнінде ұсыныс жасадық. Бұл ретте киберқорғанысқа баса мән беру керек екендігі айтылды.
Банк секторы мамандарының айтуынша, цифрландыру тетігі жақсы дамыса, кез келген қызметті оңай алуға болады. Қаржылық аударым жасау, шот ашу, сауда жасаумен қатар туризм мен кәсіпкерлікке жол ашады.
Үміт Шаяхметова, Halyk Bank басқарма төрайымы:
- Halyk Bank біздің Homebank қосымшасын да өте белсенді түрде дамытып жатыр. Бізде 18 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оған қоса жақында «Цифрлық құжаттар» тетігін де іске қостық. Автонесие беру, тіркеу, мекенжай бойынша тіркелу сияқты сұранысқа ие бірнеше қызметті осы қосымша арқылы алуға болады. Мәселен, осы жылдың өзінде қосымша 15 млн рет қолданылған.
Halyk Bank қаржы ұйымы алдына ауқымды мақсат-міндеттер қойып отыр. Өз елімізбен қоса, Өзбекстан, Қырғызстан және Грузияда цифрлық қызметті дамытуға үлес қоспақ.
Авторлары: Қарлығаш Қайыпбекова, Радик Жакупов